Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде қаржы пирамидасының жарнамасы үшін қандай жаза қолданылады
Жаңалықтар

Елімізде қаржы пирамидасының жарнамасы үшін қандай жаза қолданылады

27.05.2021
1 мин
0
1142

Қазақстанда қаржы пирамидасының жарнамасы үшін қандай жаза қолданылатыны туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Мемлекеттік органның ақпаратына сүйенсек, елімізде қаржылық пирамиданың қызметін жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған. Алайда айыппұл көлемі 1,7 млн теңгеден асуы мүмкін.

"Қаржылық пирамиданы жарнамалайтын тұлғалар бойынша  жеке тұлғаларға 150 АЕК (2021 жылы 437,5 мың теңге), лауазымды тұлғаларға – 170 АЕК (495,9 мың теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 200 АЕК (583,4 мың теңге), орта бизнеске – 300 АЕК (875,1 мың теңге), ірі бизнеске – 600 АЕК (1,75 млн теңге) мөлшерінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған",- деп жауап берді мамандар.

Сонымен қатар, мемлекеттік орган еліміздің танымал тұлғалары жарнамалаған MUDARABAN Capital қаржы пирамидасына қатысты пікір білдірді. Аталмыш іс бойынша ұжымдық өтініштер биыл 27 сәуірде Алматы Полиция департаментіне түскен. Тексеру барысында танымал жандар әлеуметтік желіде қаржы пирамидасын жарнамалау арқылы азаматтар енгізген салымнан ай сайын 20% мөлшерде жоғары пайыздық төлем беруге уәде берген.

«Азаматтардан түскен ақша қаржы ұйымының картасына аударылып, қолма-қол ақшаға айналды және айналымнан шығарылды. Қазіргі кезде MUDARABAN Capital қаржылық пирамидасына қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деді министрлік өкілдері.

 

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл