Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бас сарапшысы Марат Жарболов Қазақстанда сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің шаршы метрі қымбаттайтынын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Осы жылдың 19 тамызында тұрғын үй сатып алу құрылысын қаржыландыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес құрылыс құны елордада 320 мың теңгеден 380-390 мың теңгеге дейін өсті. Өзге өңірлерде 350–360 мың теңгеге дейін көтерілді.
Марат Жарбұловтың айтуынша, сатып алу құқығымен жалға берілетін үйлер қымбаттайды, бірақ бағаның өсуі барлық жобаларға қатысты емес.
Әлеуметтік осал топтар үшін пәтерді қолайлы бағамен алуға мүмкіндік бар.
- Өзгеріс тек Қазақстандық тұрғын үй компаниясы іске асыратын кешенді құрылыс және сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй жобаларына ғана қатысты. Басқалар үшін баға өзгерген жоқ, — деді ол.
Қазақстан Құрылысшылар одағы президиумы төрағасының орынбасары Валерий Лакисовтың сөзінше, қазір елімізде 125 мың шаршы метрге жуық жалдамалы тұрғын үй тапшылығы сезіліп жатыр.
- Құрылысшылар одағы құрылыс салушылардан жалдамалы тұрғын үй сатып алу құнын 380 мың теңгеге көтеруді ұсынып отыр. Бұл әкімдіктерге болашақта жалға берілетін тұрғын үйді нарық бағасынан төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл құрылыс компанияларының болашақта негізгі қызметі бойынша шығынсыз дамуына әсер етеді. Өңірлерде бұл баға шаршы метрге 360 мыңнан кем болмауы керек, – деді ол.