Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ және «AsiaCredit Bank» АҚ салымшыларының өтем сомалары зейнетақы қорына аударылады.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (бұдан әрі - ҚДКБҚ) таратылатын сегіз банк бойынша 2 мамыр күні төлемдері ойдағыдай аяқталғанын мәлімдеді.
Қордағылар атап өткендей, аталған мерзімге дейін талап етілмеген кепілді өтем сомалары салымшылардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) ашылған жеке зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударылады.
ҚР заңнама талаптарына сәйкес, өтем сомаларын аудару төлем мерзімі аяқталған күннен бастап, күнтізбелік 30 күн ішінде, яғни 2022 жылдың 31 мамырына дейін жүзеге асырылады.
Бұл салымшылар үшін өтем сомаларының БЖЗҚ-ға аударылуы жайында уайымдаудың еш қажеті жоқ – банктердің клиенттеріне аталмыш рәсім бойынша қосымша ақпарат беріледі. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мәлімдеуінше, депозиторлар өтем ақшаларының зейнетақы шоттарына есептелгендігін осы жылдың 31 мамырынан кейін БЖЗҚ ресми сайтындағы жеке кабинеті, мобильді қосымшасы және БЖЗҚ-ның жергілікті кеңсесіне бару арқылы өз бетімен көз жеткізе алады.
Сондай-ақ бұл ақпаратты «электрондық үкімет» порталы немесе ҚДКБҚ-ға тікелей жүгіну арқылы алуға болады.
Сонымен қатар төлем мерзімі аяқталған соң да, оның ішінде талап етілмеген өтем сомасы БЖЗҚ-ға аударылған жағдайда да заңнама жүзінде салымшы үшін өзіне тиесілі өтем сомасын алуға өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған.
Салымшы өтінішпен қатар төлем мерзімі барысында өтініш беруге кедергі келтірген мына мән-жайлардың бірі болғанын растайтын құжатты қоса ұсынады:
депозитордың әскери қызметке кіруі;
ҚР шегінен тыс жерде немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы.
Салымшының мұра қабылдауы, мұра ашу және оны қабылдауға қатысты басқа да себептер, сондай-ақ сот анықтаған өзге де мән-жайлар да осыған жатады.