Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2021 жылы елімізде туризмге 1 трлн теңгеден аса инвестиция құю жоспарланып отыр. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз ағымдағы жылы үкімет, әкімдіктер және жеке инвесторлармен бірігіп, туризмге 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз. Өткен жылы бұл сома 600 млрд теңгені құраған, ал биыл одан екі есе көп", - деді ол.
Оның айтуынша, қаржыға жаңа туристік бағыттар, қонақ үйлер, демалыс орындары мен аквапарктер салынады. Нәтижесінде 22 мың жаңа жұмыс орны, аралас салаларда 100 мыңға жуық жұмыс орны ашылмақ.