| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда ЖРВИ мен тұмау жағдайы күзгі-қысқы маусымға сай бақылауда, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық жағдай күзгі-қысқы маусымға тән қалыпты деңгейде дамып келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, қыркүйек айынан бері ел бойынша 1 миллион 278 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен маусымның осы кезеңімен салыстырғанда 19 пайызға төмен. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 848 мыңнан астам жағдай анықталған.
- Жыл сайын елімізде шамамен 4 миллионға дейін ЖРВИ және 2 мыңға дейін тұмау оқиғасы тіркеледі. Бұл қалыпты жағдай. Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық ахуалды апта сайын бақылап отырады, – деді Сархат Бейсенова.
Министрлік азаматтарға суық тию мен вирустық инфекциялардың алдын алу үшін жеке гигиенаны сақтау, бетперде тағу және қажет болған жағдайда вакцина алу жөнінде еске салды.