| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Басым бағыттардың бірі – жылдамдық режимінің сақталуын бақылауды күшейту.
Осы мақсатта көліктің орташа қозғалыс жылдамдығын бақылау жүйесін қолдану аясы кеңейтіліп келеді. Бұл жүйе көліктің жылдамдығын белгілі бір нүктеде ғана емес, бақылаудағы жол учаскесінің бүкіл бойында тіркеуге мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл камераның алдына келген кезде жылдамдықты уақытша төмендету мүмкіндігін болдырмай, белгіленген жылдамдық режимінің тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта орташа жылдамдықты бақылау жалпы ұзындығы 2 600 км болатын 12 жол учаскесін қамтиды. Жыл соңына дейін бақылау жүйесімен жалпы ұзындығы 2 600 км болатын тағы 16 жол учаскесін қосымша қамту жоспарланып отыр.
Бұл, ең алдымен, жол-көлік оқиғаларының санын және олардың салдарының ауырлығын төмендетуге бағытталған профилактикалық шара.