Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еліміздің бірқатар өңірінде тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған «Халық заңгері» республикалық акциясы басталды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алғашқылардың бірі болып Павлодар мен Қызылорда қалаларының тұрғындары заң саласының мамандарынан кеңес алуда. Акция барысында азаматтардың сұрақтарына танымал заңгерлер, нотариустар, прокурорлар, полицейлер, сот орындаушылары және мемлекеттік орган өкілдері жауап береді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мәселенің тиімді шешілуі үшін азаматтарға жеке құжаттарын өзімен бірге алып келу ұсынылады.
Акция аясында тұрғындар өз құқықтарын қорғау жолдарын біліп, нақты заңдық кеңес алу мүмкіндігіне ие болады.