Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еліміздің бірнеше өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ҚазАвтоЖол ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 10 қарашасы сағат 18:30-дан бастап бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелетінін мәлімдеді.
Павлодар облысы:
2024 жылғы 10 қарашада сағат 18:30-да Павлодар облысында Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты Омбы—Майқапшағай автожолының 427-587 шақырым аралығында (Кенжекөл ауылы - Абай облысының шекарасы) жүк және жолаушы көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Солтүстік Қазақстан облысы:
10 қарашада сағат 19:00-де СҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты Мамлютка—Қостанай автожолының 0-180 шақырым аралығында (Мамлютка қ. - Қостанай облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Қостанай облысы:
10 қарашада сағат 19:00-де Қостанай облысында СҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты Мамлютка—Қостанай автожолының 180-250 шақырым аралығында (СҚО шекарасы - Ұзынкөл ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Абай облысы:
10 қарашада сағат 19:30-да Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты Алматы—Өскемен автожолының 615-967 шақырым аралығында (Жетісу облысының шекарасы—Қалбатау ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жетісу облысы:
10 қарашада сағат 19:30-да Жетісу облысында ауа райының бұзылуына байланысты Алматы—Өскемен автожолының 585-615 шақырым аралығында (Үшарал қаласы—Абай облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 11 қараша сағат 06:00-де ашу жоспарланған.