Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда бүгінде 987 пайдалы қазба бар, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, соңғы 30 жылда елімізде темір, марганец, алтын, уран, мұнай және газ қорларының өсуі байқалған.
Алтынның орнын толтыру коэффициенті – 1,2. Бұл алтынның барланған қорының көлемі алтын өндірудің көлемінен көп екенін көрсетеді. Мыс бойынша коэффициент – 0,7. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушыларымен мыс бойынша перспективалы жер қойнауы учаскелері белсенді түрде барлануда, - деді министр.
Сондай-ақ Қанат Шарлапаев елімізден сирек кездесетін металдардың да табылғанын хабарлады.
Министрдің сөзінше, Күйректікөл учаскесіндегі сирек металдар қоры шамамен 800 мың тоннаға бағаланады. Барлау жұмыстарын Cove Capital және HMS Bergbau сияқты жеке компаниялар жүргізіп жатыр.