Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы биыл 10%-ке қымбаттаған.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, биыл шілдеде жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі 339,9 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 9,7%-ке артық.
Өңірлерді салыстыратын болсақ, баспана бағасының өсуі Шымкент қаласында анықталды. Қалада жылжымайтын мүлік 13,7%-ке, яғни бір шаршы метр үшін 396,4 мың теңгені құрады. Ал ең арзан баспана Өскеменде. Баға өсімі 2%-ті көрсетіп, бір шаршы метр үшін 269,9 мың теңгені көрсетті.
Еліміздің бас қаласында баспананың бір шаршы метрі үшін 436 мың теңге болса, Алматыда 396,4 мың теңге.
Сондай-ақ Тараз қаласында да баспана бағасы салыстырмалы түрде арзан. Бір шаршы метр үшін 149,7 мың теңге, яғни елордаға қарағанда 2,9 есе арзан.