Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Еліміздің төрт өңірінде мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі
Жаңалықтар

Еліміздің төрт өңірінде мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі

29.03.2022
1 мин
11
3314

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова еліміздің қай өңірлеріндегі мұғалімдер жоғары жалақы алатынын айтты.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес мұғалімдер тапшылығы байқалған өңірлерге үздік педагогтерді тартудың тиісті қолдау шараларының пакеті бар арнаулы бағдарлама жобасы әзірленді.

«Арнайы бағдарлама жобасын әзірлеу аясында өңірлердегі педагогтердің тапшылығын анықтау бойынша талдау жүргізілді. Мәселен, педагогтердің тапшылығы Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстарында сақталып отыр. Ұлттық статистика және халықаралық салыстырмалы зерттеулер деректері бірқатар жылдар ішінде нысаналы өңірлердегі білім алушылардың білім сапасының елдегі орташа көрсеткіштерден артта қалғанын көрсетеді. Мұны PISA-2018 халықаралық зерттеуінің нәтижелері және Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері растайды», - деді Г. Кәрімова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бағдарлама педагогтерге республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен лауазымдық жалақыдан 100% мөлшерінде ынталандырушы қосымша ақы беруді көздейді. Атап айтқанда, олардың еңбекақысы екі есе өседі.

ЖОО педагогтері мен түлектерін бос лауазымдарға тарту үшін Бағдарлама аясында нысаналы өңірлердің облыстық білім басқармалары жанынан Үйлестіру кеңестері, сондай-ақ Министрлік жанындағы Конкурстық комиссия құрылады.

Конкурс жылына екі рет өткізіледі және конкурстың келесі кезеңдері белгіленді: конкурс өткізу туралы хабарландыру, үміткерлердің құжаттарын қабылдау, компьютерлік тестілеу және эссе жазу, қашықтық форматта әңгімелесу. Конкурс барысында барлық үміткерлер тұрғылықты жеріне қарамастан тең құқылы, үміткерлер арасында адал бәсекелестік және өткізудің объективтілігі, ашықтығы, жариялылығы қамтамасыз етіледі.

«Конкурсқа тиісті бейіндер бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсіптік білімі бар, оның ішінде тұрғылықты жеріне қарамастан жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектері, сондай-ақ барлық қажетті құжаттарды көрсетілген мерзімде және толық көлемде ұсынған педагогтер қатыса алады», - деді комитет басшысы.

Іріктелген педагогтер үшін 4 апталық біліктілікті арттыру курстары және онлайн-және офлайн форматтарда семинарлар, вебинарлар мен шеберлік сыныптары, 8 Зияткерлік мектептің зертханалары базасында Жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің тағылымдамалары ұйымдастырылатын болады.

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15298 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
11 Пікір
К
Кенже 30.03.2022
Агылшын тилинен магистратура битирген. Плматы облысынын кай ауданына керек екен?
Жауап беру
К
Кенже 30.03.2022
Алматы облысынын кай жери екен? Агылшын мугалими керек ба? Кайдан билемиз.
Жауап беру
.
... 30.03.2022
Түркістан мен Алматы облыстарында мұғалім тапшы деуге келмейді! Ақшамен ғана алады 70-80%.
Жауап беру
А
Арай 30.03.2022
Біз жақта мұғалімдердің көбісі дипломмен сәйкес сабақ бермиди. Ағылшын 3ай курсты оқып алып, ағылшын тілінің мұғалімі болып жұмыс жасайды. 3айлық курсты оқушыда оқи алады. Барлық мектептерді тексеру керек, ақшасын алып өтірік жауып кете берми. Өзімнің балаларым үшін қорқамын сауатсыз болып шығады ма деп. Психологтарын орыс тіліден береді, дипломы жоктар мектепке дайындықтан сабақ береді. Айта берсен көп. Тексерілсін ақша алынбай. Созақ ауданы
Жауап беру
Г
Гаухар 29.03.2022
Қандай мағұлматтарға баланыстырып моғалемдерге көтереді ақшаны, балалардың білімі артып кеткен бе жоқ әлде білім сапасы жақсарған ба не беп оларға көтере береді. Ешқандай білім жоқ, білімнің сапасы төмен оқушылар ешқандай білім аламайды деуге болады. Моғалемге, дәрігерлерге деп шұқып өсіре беред. Ал қалған халық не жалақысы өсуге лайық емес пе?. Тамақ, киім, т.б. қақы оларды бөлмей өседі бүкіл халыққа. Өсіретін болса бүкіл еңбек жасайтын халықтың барлығына да өссін!
Жауап беру
С
Сауле 29.03.2022
Айлығым кредит төлеуге кетеді, қосымша жұмыс стеймін, отбасыма аз уақыт бөлінеді.
Жауап беру
А
Айнура 29.03.2022
Азық түлік
Жауап беру
Г
Гүлімай 29.03.2022
Педагог тапшылығы нес, қанша мектепке бардым. Орын жоқ дейді. Тест дегеннің бәрі ақша.
Жауап беру
З
Забира 30.03.2022
Сол менде де қанша рет жұмыспен қамтуға да барып сұрадым , қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істегенмін 10 жылға жуық стаж бар , ал енді еш жерге керек болмай қалыпты , қайда барсаң орын жоқ. Несіне қазір айлықты көтере береді , 2 жыл КАРАНТИН КӨРСЕТІП ЖАТЫР ҒОЙ ҚАЛАЙ БІЛІМ БЕРЕТІНДЕРІН. Айлық жүріп жатыр, жәй сабақтар вообще болмайды, негізгі сабақтың өзі сапасы керемет емес, ақыр соңында дипломмен орын таппай , пол жуып кеттік қой , намыстанып жумаймын деп отыра берейін десең , барлығы күнде қымбаттап жатыр, бала шағаға тамақ , киім керек , Баратын , келетін жерге ақша керек
Жауап беру
М
Меруерт 29.03.2022
Азық түлік қымбат,Елімізде көп балалы отбасылар күн санап артып жатыр,ал дені сау бала дұрыс тамақтану керек деп ойлайм
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл