Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Израильден Қазақстанға 4,5 миллион теңгеге гуманитарлық көмек жіберілетінін хабарлады Израиль елшілігі.
Гуманитарлық көмек Израильдің МАШАВ халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі агенттігінен келеді. Онда коронавирустық инфекцияға қарсы күресте аянбай еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлерін вирустан қорғауға арналған костюмдер бар.
Израиль елшісі Лиат Вексельман әлемдік індетке байланысты қазіргі қиын кезеңде достарды қолдау маңызды екенін айтты.
Сондай-ақ денсаулық сақтау екі ел ынтымақтастығының негізгі саласы болғандықтан, Израиль Қазақстанға коронавирусты емдеуге байланысты консультациялық қолдау көрсететінін де атап өту керек. Еліміздің дәрігерлері израильдік әріптестерімен видеоконференциялар арқылы байланыс орнатып жатыр.