Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордаға дейін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салу жобасының 1-кезеңі аясында Ақмола облысының Аршалы және Целиноград аудандарын газдандыру мүмкіндігі бар. Бұл туралы Ақмола облысының тұрғындарымен кездескен ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.
«Жалпы, бүгінгі таңда Ақмола облысын газдандыру 2 кезекке бөлінген. 20 елді мекенді газдандыру үшін 13 жобадан тұратын газдандырудың бірінші кезегіне облыс әкімдігі жобалау-смета құжаттамасын әзірледі. 2020-2021 жылдар кезеңінде облыс әкімдігіне 8 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 6,4 млрд теңге бөлінді. Аталған жобалар бойынша 2021 жылы 14 елді мекенді газдандыруды көздейтін құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталды, бұл 9 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- деді А. Ақшолақов.
Оның айтуынша, табиғи газды қалған елді мекендерге беру газбен жабдықтау объектілерін сенімгерлік басқаруға тапсырғаннан кейін қамтамасыз етіледі.
2022-2023 жылдарға әкімдікке республикалық бюджеттен 9,3 млрд теңге сомасында қаражат көзделген. Осы қаражатқа қосымша 6 елді мекенді – Аққайың, Шұбар және Қоянды (Целиноград ауданы) және Аршалы, Жібек Жолы мен Жалтыркөлді (Аршалы ауданы) газдандыруды аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жобалар шамамен 26 мың адамды газбен қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар Энергетика министрі қазіргі уақытта әкімдік Целиноград ауданының 9 елді мекенін газдандыру бойынша жобалау-смета құжаттамасын әзірлеп жатқанын атап өтті.