Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қала орталығында орналасқан мемлекеттік және жартылай мемлекеттік құрылымдарға қатысты өзгеріс болмақ, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- 15 қыркүйектен бастап қалалық коммуналдық қызметтердің жұмыс күні таңғы 7:30-да, Астана әкімдігінің қызметі де 7:30-да басталады, ал кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялар жұмысты 7:30-8:00 аралығында бастайды. Жұмыс уақытының аяқталуы да сәйкесінше өзгереді, - деп жазылған хабарламада.
Әкімдік мәліметінше, жеке сектор, бизнес, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, ХҚКО және басқа әлеуметтік нысандардың жұмыс кестесі өзгермейді.
Ал кейбір министрліктер мен мемлекеттік органдардың жұмыс күні бұрыннан 8:00-де басталады.