Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл күндері мерекелік бағдарламалар мен арнайы шаралар өтеді, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
6 наурыз
• Сағат 19:00-де М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры мен Ұлттық ұланның бірлескен жұмысы – "Әлия" қойылымы көрерменге ұсынылады.
• Дәл осы уақытта Жастар сарайында "Әйелдерге тағзым" атты мерекелік концерт өтеді.
7 наурыз
• 7-8 наурыз күндері Сарайшық ауданында коммуналдық қызмет мамандарына қызғалдақ гүлін сыйлау шарасы ұйымдастырылады.
• Байқоңыр ауданының әкімі 6-8 наурыз аралығында тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтайды.
• 7 наурызда қала көшелерінде нәзік жандыларға қызғалдақ тарату шарасы өтеді.
8 наурыз
• Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры сағат 19:00-де "Келіндер көтерілісі" спектаклін сахналайды, ал 9 наурызда дәл осы уақытта "Күшік күйеу" комедиясы қойылады.
• Қуыршақ театры 7 наурызда 12:00 және 16:00-де, ал 8-9 наурызда 12:00 мен 16:30-да "Маугли" қойылымын ұсынады.
• Музыкалық жас көрермен театры 8 наурыз күні сағат 18:00-де "Театр әлемі" атты мерекелік қойылымын өткізеді.
• М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры мереке күні сағат 18:00-де "Брак по-итальянски" спектаклін көрермен назарына ұсынады.
• "Қазақстан" орталық концерт залында мерекеге арналған үлкен концерт өтеді.
• Жастар театрында "Жанарымдағы жалғыз әуе" атты театрландырылған концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
9 наурыз
• Сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық залында қазақ оркестрінің әртісі, сымқобызшы, мәдениет саласының үздігі Ботагөз Тәшімованың "Асыл қазына" атты жеке концерті өтеді.
Сонымен қатар 8 наурыз күні аудан әкімдіктерінде көпбалалы аналарға "Алтын алқа" және "Күміс алқа" төсбелгілері табысталады. Қазақ ұлттық хореография академиясында мерекелік концерт ұйымдастырылмақ. Сағат 11:00-де зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған кітапханада "Анамның аялы алақаны" атты әдеби кеш өтеді.