Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада бір күнде 4 бала терезеден құлады: екеуі көз жұмды
Жаңалықтар

Елордада бір күнде 4 бала терезеден құлады: екеуі көз жұмды

09.07.2025
1 мин
0
49
Сурет: kaz.tengrinews.kz

Елордада бір тәуліктің ішінде төрт бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Олардың екеуі — 3 және 6 жастағы балалар — алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Өткен тәулікте 103 пультіне "бала құлады" деген себеппен төрт түрлі шақыру түскен. Балалар әртүрлі биіктен – 1-ден 16-шы қабатқа дейін құлаған.

10 және 16-қабаттан құлаған балалар алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оның біреуі 3 жаста, екіншісі 6 жаста болған. 

Тағы екі бала ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр.

№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері ата-аналарды абай болуға шақырды. Олар мұндай жағдайлар көбіне баланың терезедегі масаға арналған торға сүйенуі салдарынан болатынын айтты.

Дәрігерлер маса торлары қауіпсіздік құралы емес екенін ескертіп, балаларды қараусыз қалдырмауға үндеді. Жыл басынан бері биіктен құлаған 51 бала ауруханаға жеткізілген, төртеуі жарақатынан көз жұмған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл