Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Төрт адам 19 жастағы жігітті өлтіріп, 9-қабаттан лақтырып жіберген. Бұл туралы қаза тапқан жігіттің анасы айтты. Оның жанайқайы таспаланған видео желіде тарады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ботадай боздап, баласын жоқтап отырған ананың сөзінше, төрт адам перзентін қатыгездікпен өлтіріп, жоғары қабаттан лақтырып жіберген.
- Осылай жалғаса берсе, елде жастар қалмайды. Анамын, мен шырылдап отырмын. Төрт балам бар. Олар ішпейді, шекпейді. Академияда оқып жүр. Ішті, өзі кінәлі деп бар кінәні өзіне тақпақшы. Заң қайда? Заңнама бойынша осы балалардың жазасын берсін дегім келеді, - дейді марқұм жігіттің анасы.
13 қазанда "102" арнасына ер адам өлі табылғаны туралы хабар түскен. Осы қылмысқа қатысты Астана қалалық полиция департаменті пікір білдірді.
- Полицейлер оқиға орнына барып, қаза тапқан адамның кім екенін анықтады. Алматы ауданының полиция басқармасы адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деді елордалық ПД