Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада ең ірі аспан астындағы музей құрылысы жүріп жатыр
Жаңалықтар

Елордада ең ірі аспан астындағы музей құрылысы жүріп жатыр

25.04.2023
2 мин
0
618

Астана маңында Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша еліміздегі ең ірі «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей - қорығы салынып жатыр. 412 гектар аумақты алып жатқан кешен еліміздегі ең үлкен ашық аспан астындағы музей саналады, деп хабарлайды Dauletten.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде музей аумағына қос қапталдан кіруге арналған биіктігі 7 метрден асатын кіреберіс қақпа мен бекініс қабырғаларының құрылысы басталды. Кіреберіс пен бекіністегі мұнаралар сол кезеңдегі технология бойынша арнайы жасалған құрылыс материалдарымен қапталады.  

Жобаның негізгі мақсаты – ашық астап астындағы музейде дала өркениетінің озық жетістіктерін көрсету. Мұнда Бозоқ қалашығымен қатар, энеолит дәуірінен орта ғасырларға дейінгі тарихи кешендердің тарихи реконструкциясы бой көтереді. Әр кешенде материалдық және рухани мәдениеттің қалыптасу тарихы көрсетіледі: сарай кешендері, ғибадатханалар, тұрғын үйлер, металлургиялық және қыш пештер, ұстаханалар мен шеберханалар, қолөнершілер орамы, ортағасырлық базар, петроглифтер және т. б.

Болашақта Бозок инновациялық жоба ретінде елорданың ғана емес еліміздің туристік картасында тартымды мәдени инфрақұрылымға айналады деп күтілуде. Тарихи-мәдени жоба шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға серпін береді.

«Бүгінгі жастар көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын ақпаратты жақсы қабылдайды. Жаңа форматтағы музей оларға сол дәуірдің атмосферасын, халықтың тұрмысын толық сезінуге және дала өркениетінің озық мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді. Бұл жоба болашақта Қазақстанның танымал туристік брендтерінің біріне айналатыны анық. Музей-қорық ашу ішкі және келу туризмін дамытуға мүмкіндік береді, елорда өңірінің инвестициялық тартымдылығын жақсартады, Қазақстанның Еуразияның далалық тарихының сақтаушысы ретіндегі халықаралық имиджінің өсуіне оң ықпал ететін болады», - деді ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Сәуле Бөрібаева.

фото: МСМ баспасөз қызметі

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл