Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Форумаға әлемнің 30-дан астам елінен еріктілер қатысады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Аталмыш шараға қызу дайындық ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды.
Форум 20-21 маусымға жоспарланған және еріктілер мен еріктілер ұйымдары үшін ең ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналады. Оған әлемнің 30-дан астам елінен өкілдер, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінен келген делегаттар қатысады деп жоспарланып отыр. Барлығы 400-ге жуық адам келеді деп күтілуде.
«Жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуі тиіс маңызды халықаралық шараға бір айдан сәл астам уақыт қалды. Дегенмен, бірқатар сұрақтар әлі де ашық күйінде қалып отыр. Форумның спикерлері мен қонақтарының түпкілікті тізімін бекітіп, барлық іс-шараларды жан-жақты ойластырып, басқа да ұйымдастыру мәселелерін шешу арқылы жұмысты жандандыру қажет», — деді Алтай Көлгінов отырыс барысында.
Шараның символы «мейірімділік генін» бейнелейтін ДНҚ фрагменті болды. Бұл жынысына, жасына, ұлтына және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан барлық адамдарға тән екендігін көрсетеді.
Ауқымды шара аясында халықаралық волонтерлік ұйымдардың қызметі, азаматтық бастамаларды қолдаудағы корпоративтік жауапкершіліктің рөлі, экологиядағы, білім берудегі, денсаулық сақтаудағы және төтенше жағдайлардағы волонтерлік тақырыптар талқыланады деп күтілуде.