Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтан қаласында 1 қыркүйектен бастап қоғамдық көлік карталарының бағасы қымбаттайды.
Қалада жол ақысын электронды жүйе арқылы төлеу қызметі 2016 жылы іске асқан. Төлем жасауға негізделген карта бағасы 400 теңге болған. Десе де, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап карта бағасы 100 теңгеге қымбаттап, 500 теңге болады.
"2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектеп, жеңілдігі бар және азаматтардың барлық санаттары үшін көлік карталарын шығару және қайта шығарудың бағасы 500 теңге болады", - делінген ресми хабарламада.
Мамандардың айтуы бойынша, бағаның қымбаттауы картаға жұмсалатын материалдардың қымбаттауына байланысты. Сондай-ақ бұған дейін қолданыстағы карталар жарамды, оларды ауыстырудың қажеті жоқ.
Еске сала кетейік, 28 тамыздан бастап елордадағы қоғамдық көліктердің жұмыс істеу уақыты 23:00-ге дейін ұзартылды.