Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтанда Елорда күні қарсаңында құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй пайдалануға берілді. Сегіз жыл бойы салынған "Столичный-2" көппәтерлі үйдің құрылысы аяқталып, 200-ден астам үлескердің мәселесі шешілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, биыл көппәтерлі 20 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі, демек 8 мың үлескер көптен күткен пәтерлерін алады.
"Столичный-2" тұрғын үй үлескерлері 8 жылдан астам уақыт өз пәтерін күтті. Әр ұзақ салынып жатқан құрылыспен біз жеке жұмыс жасап жатырмыз. Нысандарды аралап көреміз, құрылыс қалай жүріп жатқанын тексеріп, қандай шешім қабылдау қажет екенін ескеріп отырамыз. Сіздермен де кездесіп, ұсыныстарыңызды тыңдадық. Өткен жылы сіздерде сенімсіздік болғаны есімде. Ал қазір сіздер ерекше қуанып тұрсыздар. Енді өз пәтеріңізге кіре аласыздар. Үлескерлердің мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында. Пандемияға қарамастан, құрылысшылар қатаң санитария нормаларын сақтай отырып, құрылыс жұмыстарын жалғастыруда. Биыл тағы 8 мың үлескердің мәселесін шешеміз, көппәтерлі 20 тұрғын үй кешенін салып, пайдалануға береміз", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Тағы бір мәселе - "Территория комфорта-1" тұрғын үй кешені. Ол 2004 жылдан бері тұр. Техникалық тексеріс ғимарат апатты жағдайда екенін анықтады. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ғимаратты бұзу туралы шешім қабылданды. Орнына жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде. 500-ден астам адам үлескер атанды. Сонымен қатар, ұзақ уақыт салынып жатқан "Шығыс", "Жағалау" тұрғын үйлері де бар. Әр нысан бойынша нақты жоспар бар", - деді қала әкімі.