Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астананың құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәсіпкер Марат Әбиевті 30 тәулікке түрмеге жапты.
Ол бейбіт жиындарды ұйымдастыру, өткізу тәртібін бұзғаны үшін және полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін кінәлі деп танылды.
Еске салайық, Астанада 26 қараша күні кешке стационарлық және мобильді интернет бір сағат бойы істемей қалған еді. Байланыс қалпына келген кезде, дәл сол уақытта қалада өздерін «Болашақ сәулетшілері» деп атаған белсенділер тобы ұсталғаны белгілі болды. Белсенділерді кәсіпкер Марат Әбиев алып жүрген.
Кейін мемлекеттік техникалық қызмет интернеттің өшірілуін апатпен байланыстырды. Кейін полиция Астанадағы митингке 300-ге жуық адам қатысып, тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткені туралы ақпарат таратты.
28 қарашада «Сот кабинеті» сервисінде екі қаулы шықты. Соттың бірінші ұйғарымында Әбиевтің ол «ел басшылығының назарын ауыл шаруашылығын дамыту жобасын тезірек қарауға аудару» үшін бейбіт митингі ұйымдастыруға шешім қабылдағаны туралы айтылған.
Әбиев 2022 жылдың 26 қарашасы күні кешке бір топ уағдаластарымен Қорғалжын тас жолының бойымен бейбіт шеру жасап жүрген. Алайда, келген полицейлер әдепсіз сөздер айтып, агрессивті әрекет жасап, арандатушылық әрекеттерге барған. Ол ешқандай заңсыз әрекет жасамағанын алға тартады. Сонымен қатар, ол полицияның қысым көрсетуіне байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада кінәсін мойындау туралы түсініктемелер көрсеткенін түсіндірді, делінген қаулыда.
Сондай-ақ сот құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірнеше мәрте ескерткен талабына қарамастан, М.Ж.Абиев бір топ адамдармен қоғамдық орында рұқсат етілмеген шеруге қатысуды тоқтатудан бас тартып, полиция қызметкерлерінің талабына жауап бермегенін айтады. Сол арқылы Әбиев Астана қалалық полиция департаменті құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты заңды талабына бағынбаған, сондай-ақ олардың заңды қызметіне кедергі жасағаны айтылады.
Сот Әбиевті бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны және полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін кінәлі деп тапты. Сот оны әрбір қылмысы үшін 15 тәулікке қамауға алуды тағайындады. Үкімге қарсы шағым түсіруге болады.