Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада
Мәдениет

Елордада "Қаныш және ғылыми майдан" кітабының тұсаукесері өтті

13.10.2024
1 мин
0
257
Сурет: Dauletten.kz

12 қазанда елордада Астана қаласы әкімшілігінің қолдауымен Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының арнайы жобасымен шыққан "Қаныш және ғылыми майдан" кітабының таныстырылымы өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Тұсаукесерге мыңнан астам адам қатысты. Солардың ішінде ҚР Сенат және Парламент депутаттары Алтынбек Нұхұлы, Қазыбек Иса, Абзал Құспан, Дана Нұржігіт және журналист Азамат Әбілқайыр, Перизат Мырзахмет, фильммейкер Әлия Әшім және Медеу Сәрсекеевтің отбасы сынды зиялы қауым өкілдері мен мемлекет және қоғам қайреткерлері, ғылым саланың майталмандары, ЖОО оқытушылары мен ғалымдар, докторанттар мен магистранттар және жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен БАҚ өкілдері бар.

Тұсауы кесілген "Қаныш және ғылыми майдан" кітабының Қаныш туралы өзге кітаптардан ерекшелігі Қаныштың жасаған істері, атқарған қызметтеріне экзистенциялық анализ жасалған. Кітап авторлары Санжар Керімбай және Әділбек Нәби.

Шара аясында аталмыш кітаптан тыс ертеректе өте аз тиражбен шығып, ғылыми айналымға түсіп үлгермеген және қайта басып шығаруға рұқсат етілмеген "Бала Қаныш оқыған кітаптар" топтамасы мен "Қаныштың жастық шағы", "Жас Қаныш" және "Қуғындалған Сәтбаев" кітаптары да тыныстырылды.

Кітаптар – қоғамда үлкен сұраныста, өйткені академиктің болмысы, өмір жолы, ғылым жолындағы жанқиярлық ерліктері экзистенция анализі арқылы талданған. Әсіресе, 1946 жылы ашылған Қазақ Ғылым академиясының тарихы мен жетістігі кеңірек баяндалған. 

Замандастары М.Әуезов, Ж.Шаяхметов, Ш.Шөкин, Ш.Есенов, Е.Бөкетов, Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев сынды ғалымдардың көп жерде кездесе бермейтін, жарық көрмеген тың деректері қамтылған. Қазақ мәдениеті мен танымына және ұлтшыл тұлғалардың өміріне қызығатын барша оқырманға арналған. 

“Қаныш және мәдени майдан” кітабы. Мұнда Қаныш Сәтбаевтың болмысы, өмір жолы, ғылым жолындағы жанқиярлық ерліктері экзистенция анализі арқылы талданады. Әсіресе, 1946 жылы ашылған Қазақ Ғылым академиясының тарихы мен жетістіктері баяндалады. Қаныш Сәтбаевтың жанына серік болған ғылыми майдандағы достары М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Бейсенбай Кенжебаев, Есмағамбет Ысмайлов, Қажым Жұмалиевтер жайында да мәлімет беріледі. 
Бұл кітаптың Қаныш Сәтбаевқа арналған басқа кітаптардан ерекшелігі - кейіпкердің өмір баянына тоқталмайды, толық баяндап шығуды мақсат етпейді. Қаныш Сәтбаевтың шешімдері мен іс-әрекеттерін экзистенция анализі, онтология, логотерапия, фенеменология сияқты философиялық әдістермен түсіндіреді.   

Айта кетейік, бұл "Отбасы хрестоматиясының" тұлғалардың өміріне арналып жазылған үшінші кітабы. Бұған дейін осы сериямен 2021 жылы "Бейсен және болмыс", 2023 жылы "Өзбекәлі және мәдени майдан" кітаптары шыққан. "Өзбекәлі және мәдени майдан" кітабының жалпы тиражы 40 мыңға жетті.  

Бұдан бөлек, алдағы уақытта осы кітаппен бірге Төкен Оразовтың "Қаныштың жастық шағы", Е.Букетовтың "Жас Қаныш", Қ.Толыбаевтың "Қаныш Сәтбаевтың балалық шағы", Медеу Сәрсекенің "Қуғындалған Қаныш" сынды кітаптары да жарық көреді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл