Еліміздің бас қаласында жаңа саябақ ашылды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.
Оның айтуынша, елордада қала тұрғындары мен қонақтардың бос уақытын тиімді өткізетін демалыс орындарының саны артып келеді. Саябақ үш бөліктен тұрады. Біріншісінде амфи-театр, ашық аспан астындағы кинотеатр болады. Келесі бөлікте спортпен шұғылдануға болады. Ал кезекті аймақ арнайы балаларға арналған.
«Биыл қала тұрғындарының демалуына барлық жағдай жасалуда. Карантин уақытында дәл осындай орындардың керек екені белгілі болды. Көктал-1-де аумағы 16 гектар болатын саябақ ашылды», - дейді қала әкімі.