Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Enactus әлем чемпионаты: Астанада академиялық және ғылыми симпозиум өткізілді
Жаңалықтар

Enactus әлем чемпионаты: Астанада академиялық және ғылыми симпозиум өткізілді

03.10.2024
1 мин
0
91

Астанада Enactus әлем чемпионаты аясында академиялық және ғылыми симпозиум ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Симпозиум Maqsut Narikbayev University-де өтті. Симпозиумға академиялық көшбасшылар, халықаралық студенттер, түлектер, бизнес жетекшілері мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты. 

Симпозиумның мақсаты – ғылыми қауымдастықты бір ортаға жинап, тұрақты даму бағытындағы маңызды зерттеулер мен бастамаларды талқылау. Іс-шара барысында панельдік талқылаулар, пленарлық отырыстар, интерактивті сессиялар өтіп, Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы талқыланды.

Enactus әлем чемпионаты барысында 33 елдің университеттік командалары кәсіпкерлік көшбасшылық пен инновация арқылы тұрақты әсер ететін жобаларын ұсынады. Жарысқа ұсынылған жобаларды бизнес көшбасшылары, венчурлық капиталистер және саясаткерлерден құралған элиталық топ бағалайды. 

Enactus – бұл студенттерге әлемнің университеттерінде командалар құруға және дамытуға көмектесетін ұйым. Enactus Қазақстанның Ұлттық офисінде біз олардың жұмысын координациялап, студенттік кәсіпкерлік қауымдастығын дамытуға белсене қолдау көрсетеміз. Біздің командалар адамдардың өмірін жақсартатын, сонымен қатар студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға көмектесетін әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асырумен айналысады, - деді Enactuc Kazakhstan даму жөніндегі кеңесші Рэндалл Брюинз.

 

Enactus-та тек кәсіпке байланысты ғана тақырыптар емес, сонымен қатар қоғамның ең актуалды мәселелерін шеше алатын жобалар көрсетіледі.  60 жылдық дүниежүзілік тарихы бар бұл жарыс алғашқы рет Қазақстанда өтіп жатыр, еліміз үшін бұл үлкен мәртебе, бұл деңгейге жету оңай емес, себебі бөл жарыс экономикасы мықты, дамып келе жатқан мемлекеттерде өткізіліп келеді, - деді Enactus Академиялық кеңесінің төреағасы Сәуле Зейнолла.

 

Біз “Асыл жер” жобасымен қатысып отырмыз, бұл топыраққа арналған тыңайтқыш, біздің мақсатымыз- кез келген жерді құнарлы ету. Бұл жарыстың мақсаты- әлемді жақсы жаққа өзгерту, қоғамның мәселелерін шешу және білімді, талантты жастарды қолдау, - деді ҚазҰУ студенті, Enactus қатысушысы Марьям.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл