Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2021 жылы республикалық бюджеттен "Еңбек" бағдарламасын қаржыландыруды 51%-ке арттыру жоспарланған.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 104,2 млрд теңге бөлінеді. Бұған дейін 69 млрд теңге бөлінеді деп болжанған болатын.
Осыған байланысты елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,9%-тен аспайды деп күтілуде. Негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20%-тен аспай, белсенді жұмыс істейтін шағын орта бизнес субъектілерінің өсімі 10%-ке жетеді.
Сонымен қатар, 700 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Оның ішінде "Бірінші жұмыс орны" жобасымен – 1,5 мың адамды жұмыспен қамту және 10 мың жас кәсіпкерге мемлекеттік гранттар беру көзделген.
Тағы көру