Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Еңбек күші тапшы өңірлерге қоныс аударғандарға қандай жағдай жасалады?
Жаңалықтар

Еңбек күші тапшы өңірлерге қоныс аударғандарға қандай жағдай жасалады?

24.01.2024
1 мин
5
932
Фото: gov.kz

2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын (бұдан әрі – Ұлттық жоба) іске асыру аясында еліміздің еңбек күші артық өңірлерінен еңбек күші тапшы өңірлеріне 8 903 адам өз еркімен қоныс аударды, оның ішінде қоныс аударушылар 6 492 және қандастар 2337 адамды құрады. Барлық қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Еңбек күші тапшы өңірлерге қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланған қазақстандықтар өз өмірлеріндегі оң өзгерістерді атап өтті. Солардың бірі Құралай Масатбаева. Ол отбасымен 2021 жылы Астанадан Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласына көшіп келді.

«Көшкеннен кейін отбасымызға 612 570 теңге сомасында көшуге материалдық көмек берілді, сондай-ақ бізге қаладан мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үй берілді», – деді қоныс аударушы.

Құралай Масатбаеваның «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Өткен жылы 1 млн 380 мың теңге сомасына мемлекеттік грант алып, шағын кондитерлік дүкенін ашты.

«Мен декреттік демалыста болған кезімде үйде өз ісімді ашуды, балалардың қасында болуды армандайтынмын. Тайынша ауданының жұмыспен қамту орталығына барып, қайтарымсыз грант туралы білдім. Қоныс аударушы болғандықтан қайтарымсыз грант берілетіндер санатына кіретінім туралы айтып, барлық сұрақтар бойынша кеңес берілді. Осындай мүмкіндікті бос жібермей, өзімнің бизнес-жоспарымды қорғап, мемлекеттен грант алдым», – деп бөлісті кәсіпкер келіншек.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық жоба аясында қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары ұсынылады:

  • көшуге арналған субсидия –отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде біржолғы көмек;
  • отбасы мүшелерінің саны мен елді мекенге байланысты 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 12 ай ішінде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ай сайынғы субсидиялау;
  • қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу;
  • жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
  • Экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру.

Бұдан басқа, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі.

Өткен жылы барлық қоныс аударғандардың ішінде 4 158 адам еңбекке жарамды, оның 3 079-ы тұрақты жұмысқа орналастырылған, 164 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысса, 35 адам бизнес ашу үшін гранттар алды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
Б
Бану 25.01.2024
Ешкімге ұсынбаймын өйткені мұнда әділетсіздік өте көп рас мемлекеттен тиісті көмек беріледі бірақ адамдары переселенцы,приезжие южан деп бөліп жарады заңмен сөйлессен де өз адамдарын ақтап шығады Бармақ басты көз қыстылар көп Балық басынан шіриді демекші Ауыл әкімінің өзі местный переселенцы деп бөледі
Жауап беру
А
Айдана 25.01.2024
Кайдан былсек болады толыктай акпаратты,кай онырлерге баруга болатынын
Жауап беру
М
Молдир 24.01.2024
Куйеуым ерлер шаштаразы 3 баламыз бар 4 аягым ауыр кай Жака баруга болады кандай комектеры бар
Жауап беру
24.01.2024
Сәлеметсіз бе, Аққайың ауданына келіңіз.
Жауап беру
Л
Ляйля Амирханова 24.01.2024
Мугалиммин казак тилинен. Кай онирге барсам уй бериледы? Жасым 42 де
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл