Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Енді ауруханаға жатқызу кезінде ПТР тестін тапсыру қажет емес
Жаңалықтар

Енді ауруханаға жатқызу кезінде ПТР тестін тапсыру қажет емес

04.08.2022
1 мин
0
993

Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі бұйрығымен ауруханалардағы медициналық көмек көрсету стандартына өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, жоспарлы госпитализация кезінде коронавирусқа ПТР тестілеуден өту және науқасты шұғыл госпитализациялау кезінде CVI-ға экспресс-тест жасау талаптары алынып тасталды.

Сонымен жаңа түзетулерде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары белгіленген:

  • науқастарды стационарға жатқызуға жолдама беру;

  • стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру;

  • санаториялық-курорттық емделу қажеттігі туралы қорытынды беру.

Демек электронды үкімет порталы арқылы санаториялық-курорттық емделу қажеттігі туралы қорытынды алуға болады, – делінген хабарламада.

Құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда МСАК денсаулық сақтау ұйымының дәрігері санаториялық-курорттық картаны ресімдейді. Оған бөлім меңгерушісі қол қояды және денсаулық сақтау ұйымының жауапты маманына береді.

Одан кейін өтініш берушінің жеке кабинетіне медициналық ұйымның уәкілетті тұлғасының немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғаның ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні туралы хабарлама жіберіледі.

Бұйрық 2022 жылғы 14 тамыздан бастап күшіне енеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл