462.22
536.5
5.43
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Енді ит пен мысық асырайтындар жануарларын міндетті түрде чиптейді
Жаңалықтар

Енді ит пен мысық асырайтындар жануарларын міндетті түрде чиптейді

20.08.2026
мин
0
72
Сурет: Qazaqstan Media

Қазақстанда үй жануарларын тіркеу тәртібі өзгереді. 22 тамыздан бастап ит пен мысықты есепке қою үшін оларға микрочип орнату міндетті болады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда үй жануарларын есепке алу жүйесінде жаңа тәртіп енгізіледі. Енді ит немесе мысығын ресми тіркеуге қойған иелер жануарға микрочип орнатуы керек.

Жаңа талап 22 тамыздан бастап қолданыла бастайды. Өзгеріс Экология және табиғи ресурстар министрлігінің үй жануарларын есепке алу қағидаларына енгізген түзетулерімен бекітілген.

Бұған дейін жануарды сәйкестендіру үшін бірнеше тәсілді қолдануға мүмкіндік болған. Енді бұл таңдау ит пен мысыққа қатысты алынып тасталады: оларды тіркеу кезінде микрочип болуы қажет.

Чиптегі бірегей нөмір жануардың тіркеу деректеріне енгізіледі. Бұл жануарды нақты иесімен байланыстырып, оның есепте тұрғанын анықтауға мүмкіндік береді.

Мұндай талап басқа үй жануарларына әзірге қолданылмайды. Олардың иелері сәйкестендірудің қолайлы әдісін өздері таңдай алады. Қажетті құралды да өз қаражатына сатып алады.

Ал иттер мен мысықтарға микрочип орнату жұмысын кез келген адам жүргізе алмайды. Бұл қызметке тиісті рұқсаты бар ветеринариялық мамандар мен ұйымдар жауапты болады. Сонымен қатар жергілікті әкімдіктер құрған мемлекеттік ұйымдар да чиптеу қызметін көрсете алады.

Жаңа тәртіптің негізгі мақсаты – үй жануарларын есепке алу жүйесін біріздендіру. Микрочип жануар туралы ақпаратты тіркеу деректерімен байланыстырып, оны сәйкестендіруді жеңілдетеді.

Сондықтан 22 тамыздан кейін ит немесе мысығын алғаш рет есепке қоятын азаматтар микрочип мәселесін алдын ала ескеруі қажет.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл