Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Енді халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары "Болашақ" бағдарламасы аясындағы тиісті талаптарға сәйкес келсе, бакалавриат деңгейінде білім ала алады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Бұл өте маңызды түзету: бұған дейін "Болашақ" тек магистратура және докторантура деңгейіндегі оқуды қаржыландыратын. Бұл өз алдына дұрыс шешім болғанымен, халықаралық олимпиадалар жеңімпаздарына қатысты мәселе туындайтын еді. Әлемдік жетекші университеттер бұл талантты балаларға бірден бакалавриатқа гранттар ұсынатын, сол себепті олар шетелге кетіп қалатын. Сол кезеңде біз оларға дәл осындай қолдау көрсете алмадық, сондықтан оларды жиі жоғалтып отырдық. Көпшілігі шетелде оқумен қатар, сол жақта тұрақтап қалып жатты, - деп жазды Асхат Аймағамбетов.
Депутаттың айтуынша, дарынды балаларға мемлекеттік бюджет есебінен грант беру – Қазақстанның болашағына жасалған маңызды қадам.
Енді "Болашақ" бағдарламасы ең дарынды оқушылар үшін бакалавриаттан бастап қолжетімді болады. Бұл – жас таланттарды қолдап, оларды елде ұстап қалуға мүмкіндік беретін маңызды өзгеріс. Дарынды жастар әлемнің үздік университеттерінде білім алып, кейін елге оралып, Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосады. Оларды қолдау – тек олардың болашағына инвестиция емес, сонымен қатар Қазақстанның дамуына бағытталған стратегиялық қадам, - дейді депутат.