Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ертеңнен бастап еліміздің пойыздарында ғаламтор қызметі іске қосылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Пилоттық жоба №3/4 "Астана-Алматы" пойызында жүзеге асырылады. Спутниктік технологиялар арқылы пойызда ғаламторға қолжетімділік қамтамасыз етіледі, ал жолаушылар интернетті пайдалану барысында толықтай байланыста бола алады.
— Бұл жолаушыларға сапар барысында WhatsApp, YouTube секілді қосымшаларды еркін пайдалануға және бейнемазмұндарды көруге мүмкіндік береді. Алайда, торренттер мен файлдарды жүктеу сайттарына шектеу қойылатын болады. Жобаның техникалық қолдауын Қазақстандағы OneWeb-тің ресми серіктесі Jusan Mobile жүзеге асырады, — делінген ұлттық тасымалдаушы компанияның хабарламасында.