Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда қант тапшылығы болмайды деп мәлімдеді.
"Неге инфляция қазір 18,8 пайыз болып отыр? Инфляцияға ең үлкен фактор қант болды – 75 пайыздық өсім. Бұл Ресей экспортты жабуына байланысты болды. Әр аймаққа ӘКК арқылы басқа аймақ емес, өзін қамтамасыз ету үшін айналым қаражаты қажет", - деді Жұманғарин журналистер сұрағына жауап беріп.
Оның айтуынша, Қазақстан өзіміз өндіретін қантпен мемлекетті 100 пайыз қамтамасыз ете алады.
"Иә, бұл қамыс қанты болады, өйткені қызылша әлі жетпейді, бірақ ол өзіміздің қант. Енді қант тапшылығы болмайды. Зауыттан келетін баға келісіне 450 теңгеден аспайды", - деп қосты премьер-министрдің орынбасары – сауда министрі.