| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сайлау қаржысының жұмсалуы жіті тексерілмек, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжіліс сайлау процесіндегі заң бұзушылықтарға қатысты жауапкершілікті күшейтетін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Жаңа заң жобасына сәйкес, енді сайлау науқаны кезінде жұмсалатын қаражаттың ашықтығы мен заңдылығы қатаң бақылауға алынбақ. Депутаттардың айтуынша, бұл өзгеріс сайлау процесінің әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар құжатта әлеуметтік желілердегі жасырын үгітке, жалған сауалнамалар таратуға және сайлау нәтижесіне қатысты негізсіз болжам жариялауға қатысты талаптар күшейтілген. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастыру ұсынылып отыр.
Мәжіліс депутаттарының пікірінше, жаңа нормалар сайлау науқаны кезіндегі ашықтықты арттырып, қоғам сенімін күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта заң жобасы бірінші оқылымнан өтіп, алдағы уақытта Мәжілісте қайта қаралады.