Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Аймағамбетов бір шоттан екінші шотқа ақша аудару қымбаттауы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Аймағамбетовтың айтуынша, қазіргі уақытта картадан басқа картаға ақша аударған кезде комиссия 150 теңге шамасында. Алайда жаңа Салық кодексі жобасында ұсынылған өзгерістер қабылданса, бұл қызметтің бағасы шамамен 12% өсіп, қымбаттауы мүмкін.
Пластикалық карталарды пайдалану, карталар арасында ақша аудару, шоттан шотқа аударымдар мен басқа да банктік қызметтерді айтарлықтай қымбаттауы мүмкін.
Экономика министрлігі бұл шығындарды банктер өздері жабады деп мәлімдейді, бірақ ашығын айтсақ – бұл шындыққа жанаспайды. Банктер ешқашан шығындарды өз есебінен жаппайды. Олар міндетті түрде бұл шығындарды клиенттердің мойнына артады. Өйткені банктер – қайырымдылық ұйымдары емес, - деп жазды Мәжіліс депутаты.
Бұл өзгерістерге қарсылар қатарында Ұлттық банк, Қаржыгерлер қауымдастығы, сарапшылар, тіпті "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы да бар. Оған қарамастан, Экономика министрлігі бұл норманы Салық кодексі жобасына енгізу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Мұндай өзгерістер тек біздің шығындарымызды көбейтіп қана қоймайды, сонымен қатар қаржы жүйесіне деген сенімді де әлсіретеді. Бұл бастама әрбір азаматқа әсер етеді. Біз бұл норманы өзгерту үшін өз түзетулерімізді енгіздік. Халықтың мойнына осындай салық жүктеуді әділ деп санауға бола ма? Бюджет тапшылығы мәселесін шешу үшін ең алдымен бюджеттің басым емес шығындарын қысқарту, артық жеңілдіктерді жою, сондай-ақ артық табыс тауып отырған салаларға, оның ішінде банктерге салынатын корпоративтік табыс салығын арттыру арқылы әрекет ету қажет еді, - дейді депутат Асхат Аймағамбетов.