Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Үй жануарларын ұстау және серуендету» ережелеріне енгелі тұрған жаңа өзгерістер қоғамда дау тудырып отыр, хабарлайды Dauletten.kz.
Әсіресе ит-мысықтың көбеюуіне тыйым салатын жаңа тармаққа қатысты азаматтардың пікірі де әртүрлі. Стерилизацияны құптайтындар қаңғыбас жануарлардың саны азаяды десе, енді бірі бұл жануарларға жасалынатын қастандық деп наразы. Ал зооқорғаушылар ережедегі жаңа ұсыныстарда шикілік бар екенін мәлімдеді.
«Зарарсыздандыру қаңғыбас жануарлардың санын азайтуға септігін тигізеді. Итін немесе мысығын зарарсыздандырғысы келмейтін қожайындар қаңғыбас иттердің санын қазір көбейтіп жатыр. Менің жеке пікірім ветеринарлық көрсеткіштерді ескере отырып, асыл тұқымдыдан басқа жануарларды зарарсыздандыру керек. Бұл әсіресе ауылда ит пен мысық асырап отырғандарға қатысты», – деп мәлімдеді зооқорғаушы Сергей Снегирев.
фото: izhevskinfo.ru