Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгіннен бастап Ұлттық банк қаржылық қызметтерді алуға арналған қашықтан биометриялық сәйкестендіру жүйесін іске қосты.
"Қазақстан ұлттық банкі 2020 жылдың 1 қазанынан бастап қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін өндірістік пайдалануға қосады. Бұл сервисте "бет-әлпетін тану" технологиясын қолдана отырып, қаржы ұйымына бармай-ақ, қаржылық қызметтерді алу мүмкіндігі көзделген", - делінген хабарламада.
Енді азаматтар қашықтан банк қызметтерін пайдалана алады. Биометриялық сәйкестендіру жүйесі арқылы депозит ашу, банк карталарын басқару, несие рәсімдеуге болады.
Есжан Біртановтың айтуынша, бұл жаңа жүйе қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отыра, банк қызметтерін қашықтан пайдалану қазақстандықтарға ыңғайлы болмақ. Сондай-ақ, азамттарға қашықтан ұсынылатын қызмет түрлері кеңейіп отыр.
Аталмыш қызмет банктерге, сақтандыру компанияларына, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, төлем және микроқаржы ұйымдарына да қолжетімді.
Тағы көру