Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ердоған қазақстандық құтқарушыларды марапаттады
Жаңалықтар

Ердоған қазақстандық құтқарушыларды марапаттады

26.04.2023
1 мин
0
349

25 сәуірде Түрік Республикасының Анкара қаласында елдегі жер сілкінісінің салдарын жою кезінде құтқару бөлімшелерін басқарған төтенше ведомстволардың өкілдері марапатталды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Марапатқа ие болған 80-нен астам елдің өкілдері арасында Қазақстаннан Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев та бар, ол зілзала салдарын жоюға көмек көрсеткені үшін медалімен наградталды. Мемлекеттік награданы Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған табыс етті.

«Бауырлас Түрік халқына тағы да көңіл айтамын. Адамдардың өмірін құтқаруға қатысқан барша халыққа, құтқарушылар мен дипломатиялық корпусқа ризашылығымды білдіремін! Біз Түркия халқы жақын арада табиғи апаттың салдарын жеңеді деп сенеміз!» - деп Ибрагим Күлшімбаев атап өтті.

Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күштері 7 адамды құтқарды.

Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды. Қазақстандық құтқарушылар қолмен, сондай-ақ инженерлік техниканы, авариялық-құтқару жабдықтарын, шанц аспаптарын тарта отырып, 250 мың текше метрден астам үйінділерді бөлшектеді.

Фото: ашық дереккөзден

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл