| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуге жаңа қолдау тетігі әзірленуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Үкімет отырысында Аида Балаева Президенттің әлеуметтік саясатқа ерекше мән беретінін атап өтті.
-Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заң және тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» бастамалары жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр, – деді министр.
Сонымен қатар, министр ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жоспарланған. Бұл шаралар мемлекеттік рәміздерді, рухани-адамгершілік және отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттауға бағытталғанын айтып өтті.
Балаева заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін нақтылап, нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізілетінін айтты. Сондай-ақ, көрнекі әрі түсінікті нұсқаулықтар дайындалады.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік рәміздерге ерекше құрмет көрсеткен азаматтарды марапаттау үшін қосымша тетіктер енгізілмек. Мұндай қадам қоғамда рәміздерге деген мәдениетті қалыптастыруға және азаматтардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
- Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мемлекеттік рәміздерге ерекше құрмет көрсететін азаматтарды қосымша ынталандыру тетіктерін әзірлеу жоспарланып отыр, - деп айтты Балаева.
Еске салсақ, кеше өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рәміздерді қолдану мәселесіне ерекше назар аударған еді.