Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ереже бұзған: 48 медицина қызметкері жауапкершілікке тартылды
Жаңалықтар

Ереже бұзған: 48 медицина қызметкері жауапкершілікке тартылды

04.03.2024
1 мин
0
1181
Фото: polisia.kz

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлерімен ел аумағында «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Dauletten.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Операцияны өткізу кезінде өз қызметінде медициналық препараттарды пайдаланатын 900-ге жуық кәсіпорын мен ұйымдар тексерілді.

Есірткі және улы заттармен жұмыс жасау саласында 22 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

230 адам, оның ішінде 48 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сақтау ережелерін бұзғаны үшін 43 кг есірткі және психотроптық заттар, 9 мыңнан астам дәрі және медициналық препараттардың 15 мыңға жуық ампуласы тәркіленді.

Лицензиялау нормалары бұзылған және техникалық нығайту талаптарына сай келмейтін сақтау объектілеріндегі 3 мың тоннадан астам прекурсордың айналымы шектелді.

«Мысалы, тексеру барысында Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік объектілерінің бірінде улы заттармен жұмыс жасау ережелері бұзылғаны анықталды. Ол жерден 45 кг сынап табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар елордадағы медициналық ұйымдардың бірін тексеру кезінде есірткі құралдарын сақтау және жою ережелерінің бұзылғандығы анықталып, 350 ампула морфин тәркіленді.

Мұндай құқық бұзушылықтар үшін 160 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылады.

Бұл бағытта жұмыс жалғасуда», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл