Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнеткерлерге арналған тегін цифрлық сауат курсы басталады
Жаңалықтар

Зейнеткерлерге арналған тегін цифрлық сауат курсы басталады

21.02.2022
1 мин
1
1121

Алматыда смартфонды пайдалану, фото-видеоға түсіру, файлдарды жіберу, тауарға онлайн тапсырыс беру бойынша зейнеткерлерге арналған тегін курс өтеді.

Connect-ed.kz жобасының еріктілері Алматыдағы зейнеткерлерге арнап тегін цифрлық сауат курсын өткізбек.

Цифрлық сауат курсында зейнеткерлер смартфонды пайдалануды, фото және видео түсірілімдер жасауды, қосымшаларды жүктеуді, WhatsApp мессенджерін қолдануды, дауысты хабарламаларды жіберуді, бейне қоңырау шалуды, сайттарға жарнама беруді, тауарға онлайн тапсырыс беруді, электронды үкімет порталын қолдануды және мекенжайды іздеп, маршруттар құруды үйрене алады.

Курсымызда интернеттегі алаяқтықта сақ болу, қауіпсіз құпия сөзді пайдалану, желіде бөлісуге болатын және болмайтын ақпараттар, жұмыс іздеу, түйіндеме дайындау, бос жұмыс орындарын қарастыру туралы да айтылады. Бұл сабақтардан басқа курс қатысушыларына онлайн бейне дәрістер ұсынылады.

Connected.kz жобасының меңгерушісі Гүлназ Қорданова

Курс 2 наурыз күні басталады. Барлығы 8 тегін сабақ ұйымдастырылады. Сабақтың ұзақтығы – 1,5 сағат.

Тегін курс қазақ және орыс тілдерінде 18 адамнан тұратын екі бөлек топта өтеді. Курс мекенжайы – А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана (Гоголь 109).

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Д
Дана 22.02.2022
Зейнеткелерге онын қажеті не, зкйнетақысын көтерсе болды емес пе, уйде отырып немере бағу ол кісілердің зейнетке шыққандағы жұмысы) бұндай курс өткізгенше пенсиясын коспайма, 3-4 мын косып соны қостык деп айтады
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл