Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ет пен сүт өнімдері 15%-ға қымбаттаған - Мамандар оның себебін түсіндірді
Жаңалықтар

Ет пен сүт өнімдері 15%-ға қымбаттаған - Мамандар оның себебін түсіндірді

03.11.2022
1 мин
0
1613

Қазақстан сүт одағының мамандары елде сүт өнімдерінің қымбаттау себебін түсіндірді. Ресми мәліметке сәйкес бір жылда баға 15%-ға өскен. Дегенмен сарапшылар шын мәнінде өсім бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz  КТК арнасына сілтеме жасап. 

Сарапшылар сүт өнімдерінің қымбаттауына бірнеше фактор әсер еткен. Соның бірі – маусымдық өсім. Қысқа қарай сиырлар азырақ сүт береді екен. Ал дәрумендер мен жем-шөп қымбаттайды. Ал өңдеушілер сүтті арзан бағада қабылдайтын көрінеді. Шаруаларға субсидия жетпегендіктен, сүт өндіру тиімсіз екен. 

"Қазақстан Республикасында көп өнім беретін жануарлар санына қатысты мәселе бар. Себебі жем-шөп қымбат. Шаруаларға да сүтті жануарларды өсіру тиімсіз болып отыр, табыс әкелмейді. Жем бағасы шарықтап кетті. Иелері жануарларды көптеп сойғандықтан мал басы азайып жатыр", – дейді Қазақстан сүт одағының өкілі Дінмұхамед Айсауытов. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасының 23%-ға қымбаттағанын хабарлаған едік. Бағасы айтарлықтай өскен тауарлар қатарында ұн мен қант бар. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл