Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бұл мәселені талқылау үшін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Брюссельде Ішкі істер бойынша Еуропалық Комиссар Ильва Йоханссонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жүргізілген келіссөздер нәтижесінде, тараптар ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы ресми консультацияларды бастау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.
«Мұрат Нұртілеу сұхбаттасын Қазақстанның визалық саясаты, ҚР тарапынан ЕО үшін көші-қон тәуекелдерінің болмауы, Қазақстан Үкіметі заңсыз көші-қонға қарсы күрес бойынша қабылдап жатқан шаралар және осы бағыттағы жұмыстың басқа да маңызды аспектілері туралы егжей-тегжейлі хабардар етті», – делінген сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Өз кезегінде Ильва Йоханссон Еуроодақ Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін және тараптардың азаматтары арасындағы байланыстарды кеңейтуге әрекеттесетінін жеткізді.
Визалық режимді жеңілдету қажетті құжаттар тізімін қысқартуды, визалардың ұзақтығы мен жиілігін арттыруды және т.б. қамтиды.
фото: ulysmedia.kz