Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ЕО-ға мүше елдер халықаралық ұйымдардан Израиль спортшыларын жарыстардан аластауды талап етпек. Бұл туралы израильдік Ynet порталы хабарлаған, ал РБК оның аудармасын ұсынған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Портал мәліметінше, Таяу Шығыстағы соңғы оқиғаларға байланысты Испания, Бельгия және Скандинавия елдері бастаған бірнеше батыс мемлекет Израиль спортына қатысты қатаң шаралар қабылдауға шақырып отыр.
Соған қарамастан, УЕФА, ФИФА және FIBA сынды халықаралық спорт ұйымдары бұл жөнінде қандай да бір өтініш алған-алмағанын растаған жоқ.
Бұған қоса, жуырда Испания премьер-министрі Педро Санчес Израиль Газа секторына басып кіргені үшін, Ресейге қолданылған секілді, “Еуровидение” байқауына қатысуына тыйым салынуы тиіс екенін мәлімдеді.
Айта кетсек, 2024 жылы Газа секторындағы ахуалға байланысты Таяу Шығыстың 12 мемлекеті ФИФА-ны Израильді халықаралық жарыстардан шеттетуге шақырған болатын. Сондай-ақ, биыл наурызда Палестина футбол қауымдастығы Израильге санкция салуды сұрады, алайда бұл бастама жауапсыз қалған.