Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) коронавируспен күресу үшін әр елдің ұлттық федерацияларына 1,5 млрд АҚШ долларынан таратып береді. Бұл жөнінде ұйымның баспасөз қызметі мәлім етті.
Ұйымға кіретін 211 қауымдастықтың әрқайсысы 1 млн доллар көлемінде және әйелдер футболын дамытуға қосымша 500 мың доллардан берілмек. Бұл грантты алатындар қатарында Қазақстан футбол федерациясы да бар.
Одан бөлек, әртүрлі федерация қауымдастықтан 500 мыңнан бастап 5 млн долларға аралығында несие ала алады. Тек несиеге берілген өтінім федеарцияның жылдық табысының 35 пайызынан аспауы керек.