Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
FlyArystan кеңейтілген флотымен Наурыз мерекесі қарсаңында рейстер санын арттырады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
FlyArystan қазақстандық лоукостері әуе флотын толықтыруды қарқынды түрде жалғастыруда.
Әуекомпаниясының 25-ші ұшағы, 180 орынғаарналған Airbus A320 CEO, Наурыз мерекесіне орай танымал бағыттардағы орын санын арттыру үшін пайдалануға енгізілді. Бұған дейін хабарланғандай, наурыз айында FlyArystan Алматы, Астана және Атыраудан негізгі бағыттар бойынша рейстердің жиілігін арттырды.
Әуе паркіміздің кеңеюі – FlyArystan маршруттық желісінің дамуындағы негізгі стратегиялық қадам. Ағымдағы жылы біз маусымдық және тұрақты бағыттарды қайта жаңартып, жолаушыларымызға жоғары деңгейдегі қолайлылықты ұсынудамыз. Сонымен қатар, 2025 жылдың маусым айында Қарағандыдан Ыстамбұлға жаңа бағыт ашу жоспарланған, бұл өз кезегінде біздің мүмкіндіктерімізді арттырып, халықаралық бағыттардағы байланыстарымызды нығайтады. Біз әлі де маршруттар желісін белсенді түрде дамытып, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі сұранысты қанағаттандыруға және жолаушыларға ел ішінде және шетелге сапарларды одан әрі ыңғайлы әрі қолжетімді етуге ниеттіміз, - деді "FlyArystan" АҚ президенті Ричард Леджер.
FlyArystan әуекомпаниясының 25-ші ұшағына "Темірқазық" атауы берілді, бұл атау қазақ тілінде ең жарқын әрі айқын аспан нысандарының бірі полярлық жұлдызға арналады. Полярлық жұлдыз ертеден саяхатшыларға түнде дұрыс жол табуға көмекші болған, әрі бағыт-бағдар беруші рөлін атқарған. Осылайша, бұл жұлдыз сенімділік пен мақсатқа ұмтылудың символына теңеледі. Ал "Темірқазық" атауы FlyArystan жолаушыларына қолжетімді, қауіпсіз әрі ыңғайлы ұшуларды қамтамасыз ету және әуе тасымалдары нарығында өзінің орнын нығайтып, дамуды жалғастыру жолындағы мақсатына толық сәйкес келеді.