Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ForteMobile ұялы байланысы іске қосылады
Жаңалықтар

ForteMobile ұялы байланысы іске қосылады

26.05.2020
1 мин
0
1000

“Сәлем! Сөйлесуге ыңғайлы ма?” Осы сөйлемнен Forte-нің жаңа өнімдері мен сервистерінің жыл сайынғы тұсаукесері басталды.
Биыл Forte жаңа форматта презентация жасап, оны Forte Digital Week деп атады. Онлайн режимде азаматтар өмір сүруді жеңілдететін жаңа өнімдер мен жаңартылған банк қызметтерімен танысты. Сондықтан да банктік емес өнімдердің түрлері үнемі кеңею үстінде.

ForteMarket цифрлық дүкені кішігірім электроникадан бастап, үй жиһаздарына дейін мыңдаған түрлі өнімді сатады. ForteTravel – саяхаттар мен әуе билеттерін сатып алу қызметтерін ұсынатын цифрлық құрылғы. Осы дүниелер арқылы клиенттер көптеген жаңалықпен танысты. Ал бүгін банк өнімдеріне қатысы жоқ ерекше өнімімізді қуанышпен ұсынбақпыз. Ал оның көмегімен сөйлесуге өте ыңғайлы, ол – біздің ForteMobile жаңа ұялы байланысымыз, – дейді ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

Forte-нің эксклюзив ұялы байланысы екі тарифпен ұсынылады. Атаулары төлем карточкалары түрінен алынған – Gold және Platinum.

Біз серіктесіміз Beeline Қазақстанмен бірге керемет ұсыныстар жасап отырмыз. Біздің тарифтерімізбен минуттар мен интернеттің жетіспеушілігін сезінбейсіз. Егер тұтынушы біздің банк өнімдерімізді белсенді қолданатын болса, бірегей бонустар мен қызметтерге қол жеткізеді, – дейді жоба менеджері Алена Ахметова.

Қызметтер қатарына шығыс қоңырауларға арналған ақысыз минуттар, интернет-трафиктер, сонымен қатар әлеуметтік желілер, лездік хабарламалар, KAZNET және басқа да қызметтерге шектеусіз трафиктер кіреді екен.

Тарифтердің тағы бір артықшылығы – ForteMobile абоненттері мен Beeline Қазақстан серіктесі арасындағы тегін қоңыраулар.

Жаңа ұялы байланыста ешкімде жоқ тағы бір қызмет бар. Ол – банктік қолдау қызметіне ақысыз роуминг қоңыраулары. Айтпақшы, мобайл қосымша интернет-трафиксіз, яғни ақысыз жұмыс істейді. Мысалы, сізге сапарға бару үшін картадағы лимитті ұлғайту немесе жақын адамдарыңызға ақша аудару қажет болса, интернет көзін пайдаланудың қажеті жоқ.

ForteMobile көмегімен кез келген елден ForteBank-қа, +7 705 921-21-21 нөміріндегі операторға қоңырау шалып, қалағаныңызша сөйлесуге болады. Уақытқа шектеу жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл