Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Францияда ереуілге шыққандар саны 1 млн-нан асты
Жаңалықтар

Францияда ереуілге шыққандар саны 1 млн-нан асты

20.01.2023
1 мин
0
2387

Францияда зейнетақы реформасына қарсы манифестация қатысушыларының саны 1 млн адамнан асты, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты euronews.com-ға сілтеме жасап.

Франция қарсылық шаралары зейнет реформасына, оның ішінде зейнет жасын 62-ден 64-ке көтеруге бағытталды. Француз кәсіподақтары бірнеше жыл бұрын зейнет жасы 60-тан 62-ге көтерілген кездегідей бірлесіп қарсылық көрсетіп жатыр.

Ел президенті Эммануэль Макрон үкіметі зейнеткерлікке шығу жасын 62-ден 64-ке ұзартып, зейнетақыны толық алу үшін төленетін тоқсандық салықтарды көбейтіп жатыр.

«Бізге күш берген кәсіподақ бірлігі екенін мойындауымыз керек. (...) Арамызда бұл мәселеге қатысты келіспеушілік жоқ. Мұндай оқиға кейінгі 15-20 жылда алғаш рет болып тұр», - деді «Бағынбайтын Франция» партиясының көшбасшысы Жан-Люк Меланшон.

Ереуіл салдарынан Париждегі қоғамдық көліктер мен барлық өңірдегі пойыздардың қозғалысына кері әсер етті. EDF мемлекеттік электр энергиясын жеткізушінің ереуілге шыққан жұмысшылары электр энергиясын өндіруді азайтқанын мәлімдеді. Franceinfo және France Inter қоғамдық радиожелілері жаңалық таратудың орнына эфирді музыкамен толтырып тастаған, ал France 2 телеарнасы қайталау көрсетіп жатыр.

Фото: SN.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл