Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Иран халқы футболдан Иран құрамасының әлем чемпионатында жеңіліп қалғанын тойлады деп хабарлайды Dauletten.kz “Азаттық радиосының” Ирандағы қызметіне сілтеме жасап.
Ел астанасы Тегеран мен өзге бірнеше қалада жұрт көшеде билеп, көлік сигналын басып, шаттанған.
Еркін күрестен олимпиада чемпионы болған Иран балуаны Расул Хамидке сенсек, халық футбол құрамасының жеңілісіне қуана отырып, билікке қарсы екенін көрсетіп отыр. Көптеген тұрғын Қатардағы әлем чемпионаты басталғанда өз елінің құрамасы исламист республиканың атынан қатысып жатыр деп қолдаудан бас тартқан еді.
Басылымға сенсек, Иранның солтүстігінде полиция жеңілісті тойлап көшеге шыққан бір адамды атып тастаған.
B тобында ойнаған Иран құрамасы АҚШ-тан жеңіліп, плей-офқа өте алмай қалған еді. Оның алдында Англиядан жеңіліп, Уэльсті 2:0 есебімен жеңді.
Англияға қарсы матчта Иран футболшылары әнұранын шырқамай қойған еді. Оған еліндегі биліктің наразылықты басып-жаншып жатқаны себеп болған. Бірақ Уэльс пен АҚШ-қа қарсы өткен матча әнұранын айтты. CNN басылымына сенсек, оларды Ислам революциясының қамқоршылар корпусының мүшелері “әнұран айтасыңдар” деп қорқытқан.
22 жастағы Махса Әминаның өлімінен кейін Иранда кейінгі екі айда наразылық тоқтамай жатыр. Ол қызды полиция хиджаб кимеді деп ұстап әкеткен еді. Әйелдер қызды өлтіргендерді жазалауды талап етіп, хиджабын шешіп өртеді.
Иран билігіне сенсек, наразылықта ұсталған 1 мың адам айыпты деп танылған. Оның біреуі өлім жазасына кесілді. Ал ресми статистикаға сүйенсек, наразылық кезінде кемі 416 адам көз жұмған.
Иран соты 29 қарашада Уэльсті жеңген футбол құрамасының құрметіне түрмеден 715 адамды босатты. Олардың арасында наразылық кезінде ұсталғандар да бар.