Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) IBF нұсқасы бойынша міндетті үміткер бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін. Бұл туралы Tengri Sport жазды.
Журналист кіші Вилсон Балдини Twitter-де тараптардың жекпе-жекке келіскенін хабарлады.
"Геннадий Головкин Эскива Фалькаомен жекпе-жекті қабылдады. Жекпе-жек Қазақстанда өтеді. Әлем чемпионы командасы @DAZN_BRA @DAZNBoxing-пен трансляция жасау туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Жекпе-жек наурызда өтуі керек", - деп жазады кіші Балдини.
Бұған дейін Головкин келесі жекпе-жекте тек Фалькаомен ғана емес, сонымен қатар орта салмақта WBA-ның тұрақты чемпионы, тағы бір танымал кубалық боксшы Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) кездесуі мүмкін екені белгілі болған еді.