445.65
508.71
5.3
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ІІМ ата-аналар мен балаларға маңызды үндеу жасады
Жаңалықтар

ІІМ ата-аналар мен балаларға маңызды үндеу жасады

23.09.2026
мин
0
160

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне ерекше назар аудара отырып, маңызды үндеу жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Кейде қарапайым көрінген бұзықтық немесе ойланбай жасалған әрекет бірнеше секунд ішінде үлкен қайғыға әкелуі мүмкін. “Жүгіріп өтіп үлгеремін”, “Мен тек қорқытқым келді”, “Ол маған тиісті, мен де жауап беруім керек” деген сияқты ойлардың соңы ауыр жағдайларға ұласуы ықтимал.

Мұндай сәттерде адам көбіне әрекетінің салдарын ойлап үлгермейді. Алайда көлік бірден тоқтай алмайды. Қарапайым жанжал төбелеске айналуы мүмкін. Ал қолына кездейсоқ алынған заттың өзі басқа адамға ауыр жарақат келтіруі ықтимал. Мұндай жағдай орын алғаннан кейін уақытты кері қайтарып, болған оқиғаны өзгерту мүмкін емес.

Ішкі істер органдары балаларға мықтылықтың мәні өзіне қауіп төндіруде, біреу ұрса, жауап ретінде ұруда немесе өзінікін кез келген жолмен дәлелдеуде емес екенін түсіндіреді.

Нағыз мықтылық — дер кезінде тоқтай білу, қажет болса, шегіне білу және арандатуға ермеу. Біреу әдейі ашуға тиген жағдайда да сабыр сақтап, “Мұның соңы не болады?” деп ойланған маңызды.

Құқық қорғау органдары ата-аналарды балаларымен осындай жағдайлар туралы жиі сөйлесуге шақырады. Оларға тек “болмайды” деп тыйым салумен шектелмей, белгілі бір әрекеттің неге қауіпті екенін және оның қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін түсіндіру қажет.

Балаларды ашуға берілмей, алдымен ойланып, содан кейін әрекет етуге үйрету маңызды. Қандай да бір қиындық туындаған жағдайда көмек сұраудан қорықпау, мәселені жасырмай, дер кезінде үлкендерге немесе тиісті қызметтерге жүгіну қажет.

Кейде бірнеше секунд ішінде қабылданған бір дұрыс шешім адамның денсаулығын, болашағын, тіпті өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл